Оксикорт в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению оксикорта в мази, описание действия препарата, показания к применению мази оксикорта, взаимодействие с другими лекарствами, применение оксикорта (мазь) при беременности. Инструкции: Оксикорт в аэрозоле;
Торговое название: Оксикорт®
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Мазь 10 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07C Кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
D07C A Низкоактивные кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды в комбинации с антибиотиками. Гидрокортизон в комбинации с антибиотиками. Код АТХ D07CA01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25°C. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи:
По рецепту
Описание: Однородная, жирная масса желтого цвета

Состав оксикорта в мази

1 г мази содержит
1 г жақпамайдың құрамында

Активное вещество оксикорта

окситетрациклина гидрохлорид 30. 0 мг, гидрокортизона ацетат 10.0 мг
30.0 мг окситетрациклин гидрохлориді, 10.0 мг гидрокортизон ацетаты

Вспомогательные вещества в оксикорте

вазелин белый до 1.0 г
ақ вазелин 1.0 г-ға дейін

Показания к применению мази оксикорта

  • хронические пиодермии (стрептококковые, стафилококковые и смешанные)
  • гнойные осложнения аллергических заболеваний кожи
  • аллергический дерматит
  • экзема, контактный дерматит
  • импетиго вульгарное и пузырчатое
  • опрелость, осложненная бактериальной инфекцией
  • фурункулы, фурункулез, множественные абсцессы
  • крапивница, укусы насекомых, строфулюс
  • созылмалы пиодермияда (стрептококкты, стафилоккокты және аралас)
  • тері аллергиялық ауруларының іріңді асқынуларында
  • аллергиялық дерматитте
  • экземада, жанаспалы дерматитте
  • вульгарлы және күлдіреуікті импетигода
  • бактериялық жұқпамен асқынған баздануда
  • фурункулда, фурункулезде, көптеген абсцестерде
  • есекжемде, жәндіктер шаққанда, строфулюсте

Противопоказания оксикорта в мази

  • повышенная чувствительность к окситетрациклину, гидрокортизону или к какому-либо вспомогательному веществу препарата
  • туберкулез кожи
  • опухоли кожи, предраковые состояния кожи
  • бактериальные, грибковые, вирусные заболевания кожи (герпес, ветряная оспа)
  • акне
  • периоральный дерматит
  • период профилактических прививок
  • беременность и период лактации
  • детский возраст до 18 лет
  • окситетрациклинге, гидрокортизонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық
  • тері туберкулезі
  • терінің ісіктері, терінің обыр алды жағдайлары
  • терінің бактериялық, зеңдік, вирустық аурулары (ұшық, желшешек)
  • акне
  • периоральді дерматит
  • профилактикалық екпе кезеңі
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия мази оксикорта

  • жжение, зуд, раздражение на месте аппликации препарата, чрезмерное высушивание, атрофические изменения кожи, контактный дерматит, воспаление кожи вокруг губ, мацерация кожи, акнеподобная сыпь, дермэктазии, потница, сыпь, гипертрихоз, депигментация кожи, вторичные кожные инфекции и фолликулит
  • при длительном применении препарата и (или) нанесении на обширные участки кожи, гидрокортизон может проникать в кровь и вызвать системные нежелательные симптомы типичные для кортикостероидов, включая угнетение функции надпочечников (смотри пункт «Особые указания»)
  • длительное применение препарата на кожу лица может приводить к атрофии кожи и расширению кровеносных сосудов
  • окситетрациклин, содержащийся в препарате, может вызывать местное раздражение кожи, аллергические реакции, реакции повышенной чувствительности на свет и (или) приводить к росту дрожжей или устойчивых штаммов бактерий
У некоторых пациентов во время применения препарата Оксикорт® могут проявиться другие побочные действия. В случае появления любых из вышеперечисленных или других побочных действий, не указанных в этой инструкции, необходимо сообщить врачу.
  • күйдіру, қышу, препарат аппликациясы орнындағы тітіркену, шамадан тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерістері, жанаспалы дерматит, ерін айналасы терісінің қабынуы, тері мацерациясы, акне тәрізді бөртпе, дермэктазиялар, тербөртпе, бөртпе, гипертрихоз, терінің депигментациясы, терінің салдарлы жұқпалары және фолликулит
  • препаратты ұзақ қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды бөліктеріне жаққанда, гидрокортизон қанға өтіп, бүйрек үсті безі қызметінің бәсеңдеуін қоса алғанда, кортикостероидтарға тән жағымсыз жүйелік әсерлер туғызуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
  • препаратты бет терісіне ұзақ уақыт қолдану тері атрофиясы мен қан тамырлардың кеңеюіне алып келуі мүмкін
  • препараттың құрамындағы окситетрациклин, терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы және (немесе) ашытқылардың немесе бактериялар төзімді штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін.
Кейбір емделушілерде Оксикорт® препаратын қолданған кезде басқа жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген немесе бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау керек.

Особые указания к применению

Препарат предназначен исключительно для применения на кожу по назначению врача. Лечение должно быть прекращено в случае появления симптомов раздражения. Избегать контакта препарата с ранами, со слизистыми оболочками, в том числе глаз, при попадании в глаза необходимо тщательно промыть глаза водой комнатной температуры. Не использовать вокруг глаз из-за риска возникновения глаукомы или катаракты. Следует избегать длительного применения препарата (более 2 недель без перерыва) или его применения на обширных поверхностях кожи.

Если после 7 дней применения не наступает улучшение, лечение должно быть прекращено и необходимо обратится к врачу. На коже лица, подмышечных впадин, паху использовать только при острой необходимости во избежание дерматитов вследствие повышенного поглощения препарата в этих зонах. Не применять препарат под окклюзионными повязками. Применение окклюзионной повязки усиливает проникновение препарата через кожу в кровь, в результате чего может развиться системное нежелательное действие кортикостероидов.

Гидрокортизон может всасываться в кровь через кожу и оказывать иммуносупрессивное действие, поэтому во время применения препарата, пациент должен остерегаться вирусных инфекций (ветряная оспа, корь). С особой осторожностью применять у пациентов с псориазом. Из-за присутствия в препарате окситетрациклина, необходимо избегать солнечного света или искусственного УФ-излучения (например солярий) в виду возможности появления аллергии на солнце.

Применение лекарственного препарата, особенно продолжительное время, может привести к росту штаммов бактерий устойчивых к окситетрациклину или грибов. В случае появления симптомов новых инфекций при применении лекарственного препарата Оксикорт®, препарат необходимо отменить и обратиться к врачу. Осторожно применять препарат в случае уже существующих атрофических поражениях подкожной клетчатки, особенно у лиц пожилого возраста.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша тек теріге қолдануға арналған. Терінің тітіркену симптомдары пайда болған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс. Препаратты жарақатқа, шырышты қабықтарға, оның ішінде көзге тигізуден сақтану керек, көзге тигізіп алғанда бөлме температурасындағы сумен көзді мұқият жуу қажет. Глаукома немесе катаракта туындау қаупіне байланысты көздің айналасына пайдалануға болмайды. Препаратты ұзақ уақыт (үзіліссіз 2 аптадан аса) немесе оны терінің ауқымды бөліктеріне қолданбаған жөн.

Егер қолданудың 7 күнінен кейін жақсару басталмаса, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет. Бет терісіне, қолтық ойығына, шапқа осы аймақтарда препараттың сіңуі жоғары болуы салдарынан дерматитті болдырмау үшін тек өте қажет болғанда ғана пайдалану керек. Препаратты окклюзиялық таңғыштардың астына қолдануға болмайды. Окклюзиялық таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде кортикостероидтардың жағымсыз жүйелік әсері дамуы мүмкін.

Гидрокортизон қанға тері арқылы сіңуі және иммуносупрессивті әсер етуі мүмкін, сондықтан препаратты қолданған кезде емделуші вирустық жұқпалардан сақтануы тиіс (желшешек, қызылша). Псориазы бар емделушілерде ерекше сақтықпен қолдану керек. Препарат құрамында окситетрациклин бар, сондықтан күнге аллергия пайда болуы мүмкін болғандықтан, күн сәулесінен немесе жасанды УК-сәулеленуден (мысалы, солярий) аулақ болған жөн.

Дәрілік препаратты, әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану, окситетрациклинге немесе зеңдерге төзімді бактериялар штаммдарының өсуіне алып келуі мүмкін. Оксикорт® дәрілік препаратын қолданғанда жаңа жұқпа симптомдары байқалған жағдайда препаратты тоқтату және дәрігерге қаралу керек. Препаратты тері асты шелмайы атрофиялық зақымданулары болғанда, әсіресе егде жастағы адамдарда болғанда, өте сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозировка и способ применения

Препарат Оксикорт® необходимо применять в соответствии с рекомендациями врача. Мазь наносят тонким слоем на пораженные участки кожи 2 - 3 раза в течение суток. Не следует применять мазь под окклюзионной повязкой. Лечение обычно длится в течение 1-2 недель. На кожу лица не применять дольше 1 недели.
Оксикорт® препаратын дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолдану қажет. Жақпамайды терінің зақымданған бөліктеріне тәулік ішінде 2-3 рет жұқалап жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн. Емдеу әдетте 1-2 аптаға созылады. Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Не известны случаи взаимодействий при наружном применении глюкокортикостероидов. Во время лечения препаратом не следует проводить прививки против оспы и другие виды иммунизации, в связи с опасностью появления иммунологического дефицита. Не рекомендуется использование двух и более лекарственных средств из ряда глюкокортикостероидов. Препарат может усиливать действие иммуносупрессивных лекарственных средств и ослаблять действие иммуностимулирующих лекарственных средств.
Глюкокортикостероидтарды сыртқа қолданған кезде болатын өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз. Препаратпен емдеу кезінде шешекке қарсы екпелер және иммунизацияның басқа түрлерін иммунологиялық тапшылықтың пайда болу қаупіне байланысты жүргізбеген жөн. Глюкокортикостероидтар қатарындағы екі немесе одан көп дәрілік заттарды пайдалану ұсынылмайды. Препарат иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитет көтеретін дәрілік заттардың әсерін әлсіретуі мүмкін.

Передозировка оксикортом в мази

При местном применении симптомы передозировки не наблюдались. Если препарат применяется на обширных участках кожи, в больших дозах, под окклюзионной повязкой или на поврежденную кожу, то он может проникать в кровь и вызывать системное действие кортикостероида или окситетрациклина.
Жергілікті қолданғанда артық дозалану симптомдары байқалмаған. Егер препарат терінің ауқымды бөліктерінде, жоғары дозаларда, окклюзиялық таңғыштың астынан немесе зақымдалған теріге қолданылса, онда қанға өтуі және кортикостероидтың немесе окситетрациклиннің жүйелік әсерін туғызуы мүмкін.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После нанесения мази Оксикорт® на кожу, активные компоненты накапливаются в эпидермисе (в основном в зернистом слое). Окситетрациклин при местном нанесении на кожу практически не всасывается и не оказывает системного действия, незначительное его количество после резорбции подвергается биотрансформации в печени и выводится почками.

Гидрокортизон проникает в эпидермис, может незначительно всасываться и оказывать системное действие. Всасывание гидрокортизона из кожи увеличивается при частом применении, при использовании на обширных участках кожи, при нанесении на кожу лица или в области кожных складок, а также при применении окклюзионной повязки, увеличивающей влажность и местную температуру.

Кумуляция гидрокортизона в коже, в месте применения, увеличивается при частом нанесении препарата. Метаболизируется гидрокортизон непосредственно в эпидермисе, а в дальнейшем незначительное его количество после абсорбции попадает в общий кровоток - биотрансформируется в печени. В крови на 80% связывается с транскортином и 10% с альбуминами. В виде метаболитов и в небольшом количестве в неизмененном виде выводится с мочой и в малом количестве с желчью.
Оксикорт® жақпамайын теріге жаққаннан кейін белсенді компоненттері эпидермиске жиналады (негізінен түйіршікті қабатта). Окситетрациклин теріге жергілікті жаққан кезде іс жүзінде сіңбейді және жүйелік әсер етпейді, оның аздаған мөлшері резорбциядан кейін бауырда биотрансформацияға ұшырайды және бүйрек арқылы шығарылады.

Гидрокортизон эпидермиске енеді, аздап сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін. Гидрокортизонның теріден сіңуі жақпамайды жиі қолданған кезде, терінің ауқымды бөлігіне қолданғанда, бет терісіне немесе терінің қатпарлы жерлеріне жаққан кезде, сондай-ақ ылғалдылық пен жергілікті температураны жоғарлататын окклюзиялық таңғышты қолданған кезде артады.

Препаратты жиі жаққан кезде қолданған жердегі теріде гидрокортизонның жиналуы артады. Гидрокортизон тікелей эпидермисте метаболизденеді, ал одан әрі сіңгеннен соң оның аздаған мөлшері жалпы қан ағысына түседі – бауырда биотрансформацияланады. Қанда транскортинмен 80-ға байланысады және альбуминдермен 10-ға байланысады. Метаболиттер түрінде және аздаған мөлшері өзгермеген күйінде несеппен бірге және аз мөлшерде өтпен бірге шығарылады.

Фармакодинамика

Оксикорт® - является комбинированным препаратом, содержащим два действующих вещества: окситетрациклин и гидрокортизон. Окситетрациклин – антибиотик из группы тетрациклинов. Проявляет бактериостатическую активность в отношении многих грамположительных и грамотрицательных бактерий. Гидрокортизон – является кортикостероидом. Обладает противовоспалительным, противозудным действием, снижает проницаемость кровеносных сосудов. Препарат Оксикорт® действует на чувствительные к тетрациклину бактерии, находящиеся в воспалительных очагах кожи, а также ограничивает местные воспалительные процессы, уменьшает эритему и зуд.

Благодаря, входящему в состав гидрокортизону, препарат стабилизирует клеточные и субклеточные, в том числе лизосомальные мембраны. Уменьшает выход протеолитических ферментов из лизосом, угнетает высвобождение эозинофилами медиаторов воспаления, снижает количество и стабилизирует мембраны тучных клеток. Тормозит фазу альтерации и уменьшает воспалительные клеточные инфильтраты, снижает миграцию лейкоцитов и лимфоцитов в область воспаления. Уменьшает связывание иммуноглобулинов с рецепторами на поверхности клеток и тормозит синтез или высвобождение цитокинов (интерлейкинов и интерферона) из лимфоцитов и макрофагов. Уменьшает освобождение арахидоновой кислоты из фосфолипидов и синтез ее метаболитов (простагландинов, лейкотриенов, тромбоксана). В результате уменьшаются гиперемия и экссудация в очаге поражения.

Снижает выраженность раннего иммунологического ответа. Препятствует проникновению иммунологических комплексов через клеточные мембраны и уменьшает концентрацию компонентов комплемента и иммуноглобулинов. Стимулируя стероидные рецепторы, индуцирует образование липокортинов, обладающих противоотечной активностью. Повышает глюконеогенез, снижает утилизацию глюкозы тканями и активирует катаболические процессы. В терапевтических дозах практически не оказывает системного действия.
Оксикорт® – құрамында екі әсер етуші зат: окситетрациклин және гидрокортизон бар біріктірілген препарат болып табылады. Окситетрациклин – тетрациклиндер тобының антибиотигі. Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактериостатикалық белсенділік танытады. Гидрокортизон – кортикостероид болып табылады. Қабынуға қарсы, қышуға қарсы әсері бар, қан тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді. Оксикорт® препараты терінің қабыну ошақтарындағы тетрациклинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін шектейді, эритема мен қышуды азайтады.

Құрамындағы гидрокортизонның арқасында, препарат жасушалық және субжасушалық, соның ішінде лизосомалық жарғақшаларды тұрақтандырады. Протеолитикалық ферменттердің лизосомалардан шығуын азайтады, қабыну медиаторларының эозинофилдермен босап шығуын басады, жуан жасушалар мөлшерін төмендетеді және жарғақшаларын тұрақтандырады. Альтерация сатысын тежейді және қабынған жасушалық инфильтраттарды азайтады, лейкоциттер мен лимфоциттердің қабынған аймаққа көшуін төмендетеді.

Иммуно- глобулиндердің жасуша беткейіндегі рецепторларымен байланысуын азайтады және лимфоциттер мен макрофагтардан цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферонның) синтезін немесе босап шығуын тежейді. Арахидон қышқылының фосфолипидтерден босап шығуын және оның метаболиттерінің (простагландиндердің, лейкотриендердің, тромбоксанның) синтезін азайтады. Нәтижесінде зақымданған жердегі гиперемия мен экссудация азаяды. Иммунологиялық ертерек жауаптың айқындылығын төмендетеді.

Иммунологиялық кешеннің жасушалық жарғақша арқылы енуіне кедергі жасайды және комплемент компоненттерінің және иммуноглобулиндердің концентрациясын азайтады. Стероидтық рецепторларды көтермелей отырып, ісінуге қарсы белсенділігі бар липокортиндердің түзілуін күшейтеді. Глюконеогенезді арттырады, глюкозаның тіндердегі утилизациясын төмендетеді және катаболиялық үдерістерді белсенді етеді. Емдік дозаларда іс жүзінде жүйелі әсер етпейді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 г в алюминиевые лакированные изнутри тубы. По 1 тубе вместе с инструкцией по применению препарата на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
10 г ішкі жағы лакталған алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.